Астанада жалпықалалық сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

18.04.2015
Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

«Тазалық - саулық кепілі». Осы сөзді басшылыққа алған Парламент палаталарының қызметкерлері бүгін сенбілікке қатысты. Сенат пен Мәжілістің депутаттары, аппарат қызметкерлері, барлығы біркісідей ат салысты.

Сенат қызметкерлері мен депуттаттардың барлығы да қолдарына күрек алып көшелерді тазалауға кірісті. Жоғары палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікті серпінді өткізу үшін барынша үлес қосты. «Бұл - дәстүрге айналған шара. Сенбілік -  еңселі Елордамыздың сәулеті мен сәнін арттырады, тазалығы мен тәртібін түзейді»,-дейді спикер.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу