Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтеді

10.10.2014
Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтеді

Ертең, 11 қазан күні қалалық сенбілік өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Ешмұратов кәсіпорындар мен оқу мекемелері, коммерциялық құрылымдардың басшылары мен ұжымдарын қаланы абаттандырып, санитарлық тазалық жүргізуге өз үлестерін қосуға шақырады.

"Барлығымыз жұмылып өз балаларымыз үшін балалар ойын алаңдарын абаттандырып, күркелерді, орындықтарды, әткеншектерді түзеп, ағаштар егуімізміз қажет. Бір кісідей бірігіп, тұрмыстық қоқысты балкон мен терезелерден лақтыратын, стихиялық үйінді жасайтын адамдармен күресуіміз қажет. Жерлестеріміз бізді қолдайды, түсінеді және Павлодар қаласы одан да таза, жасыл және әдемі болады деген сенімдеміз", - дейді А. Ешмұратов.

Хабарламаларға жазылу