Астанада жалпықалалық сенбілік өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жалпықалалық сенбілік өтуде

20.09.2014
Астанада жалпықалалық сенбілік өтуде

Бүгін қалалық әкімдіктің бастамасымен елордада жалпықалалық сенбілік өтуде.

Оған қала тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйым өкілдері белсенді қатысуда. Жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылды.

Сондай-ақ, бірнеше аумақта 4,5 мыңға жуық жас өскін егіледі. Жерұйық саябағында ғана 1 мыңнан астам жас тал егу жоспарланып отыр.

Ауқымды шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен басталды. Қала басшысы алғашқы көшетті өзі отырғызды. 

«Жалпықалалық сенбілік игі дәстүрге айналды. Сенбіліктің негізгі міндеті - әрбір қала тұрғынының қаланы көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге үлес қосатыны. Жалпы, үш аудан бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады, деп күтілуде», - деді қала әкімі.

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу