Бүгін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасының екінші күнгі жекпе-жектері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасының екінші күнгі жекпе-жектері өтеді

10.09.2014
Бүгін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасының екінші күнгі жекпе-жектері өтеді

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының үшінші және төртінші маусымының жеңімпаздары «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің екінші күнінде, екінші 5 салмақтағы боксшылар шаршы алаңға шығады.

Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:00-де көрсетеді. Сонымен қатар, kazsporttv.kz сайтынан онлайн-трансляция жүргізіледі. Бүгін шаршы алаңға 52, 60, 69, 81, +91 келі салмақтағы бес жұп шығады.

Мирас Жақыпов – Йосбани Вейтиа Сото (52).

Роман Щегринов – Лазаро Альварес Эстрада (60).

Мадияр Әшкеев – Рониэль Иглесиас Сотолонго (69).

Хрвое Сеп – Хулио Сезар Ла Круз (81).

Филипп Хргович – Йоанди Тойрак Ортега (+91).

Бап пен бақтың сыналар сәтін «KAZsport» телеарнасынан тамашалаңыздар.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі жекпе-жекте 4:1 есебімен кубалық боксшылар жеңіске жеткен болатын.

Хабарламаларға жазылу