«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті

20.08.2014
«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті

Қыркүйектің 9-10 күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін Дүниежүзілік бокс сериясындағы «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасына билеттер бүгіннен бастап сатылымға шығарылды.

Билеттерді Конгресс-холл, «Қазақстан» орталық концерт залының және «Жастар» сарайының кассасынан алуға болады. Сондай-ақ, «Сарыарқа, «Мега», «Керуен» сауда орталықтары мен «Меломан» дүкендер желісінде сатылады.

9-шы қыркүйек (бірінші күн) күнгі билеттер сары бояумен ал, 10-шы қыркүйек (екінші күн) күнгі билеттер көк түспен бейнеленген. Бір билет тек бір күнге жарамды. Билеттер бағасы 500-2000 теңге, ал партер билеттері 3000-5000 теңге.

Хабарламаларға жазылу