«Астана арландары» мен «Cuba Domadores» боксшылары Астанада жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Cuba Domadores» боксшылары Астанада жұдырықтасады

30.05.2015
«Астана арландары» мен «Cuba Domadores» боксшылары Астанада жұдырықтасады

Жекпе-жектер С1 және С2 түрінде өтеді. Яғни бірінші күні алғашқы бес салмақ, екінші күні келесі бес салмақтағы боксшылар жұдырықтасады.

«Астана арландары» жартылай финалда ресейлік боксшыларды 9:1 есебімен ұтып финалға шыққан болса, «Cuba Domadores» клубы мексикалық боксшыларды 10:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған.

Финалдық жекпе-жектер 20 және 21 маусым күндері өтеді. Ал, финалдық кездесудің қосымша жекпе-жегінде 56 келі салмақтағы боксшылар жұдырықтасады.

Айта кетейік, «Астана арландары» «В» тобында 40 ұпаймен бірінші орынды иеленген болса, кубалық клубта 42 ұпаймен «А» тобының көшін бастаған.

«Астана арландары» WSB жобасында 2013 жылы, Куба боксшылары 2014 жылы жеңіске жеткен.

Хабарламаларға жазылу