«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» жекпе-жекке дайын (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» жекпе-жекке дайын (ФОТО)

08.09.2014
«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» жекпе-жекке дайын (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы «Park Inn» қонақүйінде «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы чемпиондар айқасының алдында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, соңынан салмақ өлшеу рәсімі өтті.

«Астана арландары» былтырғы маусымда  Бостандық аралы боксшыларымен екі рет кездескен. Алматыда өткен алғашқы жекпе-жекте боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңілген болса, Кубада өткен қарымта кездесуде 5:0 есебімен ұтылған болатын.

Алыптар айқасы 9-10 қыркүйек күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады. 

Хабарламаларға жазылу