Батырхан Шүкенов Алматыдағы Орталық саябақта ән шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Шүкенов Алматыдағы Орталық саябақта ән шырқайды

07.09.2014
Батырхан Шүкенов Алматыдағы Орталық саябақта ән шырқайды

Белгілі қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов 12-ші қыркүйекте Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында амфитеатрдың ашылу салтанатына орай концерт береді, деп хабарлайды «Меломан» желісі.

Кеште Батырхан Шүкенов «Джулия», «Твои шаги», «Нелюбимая» сынды және басқа да белгілі әндерін орындайды.

Биыл амфитеатр «Шабыт» деп аталып отыр. Оның жобасына бар мен жазғы дәмхана енгізілген. Алаң 2000-ға жуық адамды сыйғыза алады.

 

 

Хабарламаларға жазылу