Батырхан Шүкенов өнер жолын саксофоншы ретінде бастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Шүкенов өнер жолын саксофоншы ретінде бастаған

29.04.2015
Батырхан Шүкенов өнер жолын саксофоншы ретінде бастаған

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген.  Мектепте оқып жүрген кезінде Батырхан музыка үйірмесіне қатысқан, ал, мектепті тәмамдаған соң Н.К.Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Алайда, екі жылдан соң Алматыдағы Құрмағазы атындағы консерваторияға саксафон класына ауысады.

1982 жылы студент кезінде-ақ, Роза Рымбаева ән айтатын «Арай» тобының құрамында саксофоншы ретінде өнер көрсетеді. Сол жылдары джаз бағытындағы композицияларды қатар орындап жүрген  «Арай» тобы 1983 жылы Бүкілодақтың фестивальдің лауреаты атанады. Шүкенов виртуоз-альт және тенор-саксафоншы болды. Ал, 1985 жылы консерваторияны аяқтап, ән айту қабілетін таныта бастайды.

Кейін топ жеке кетіп, «Алма-Ата» деген жаңа топ құрады. Бір жылдан соң өздерінің «Путь без остановок»  атты алғашқы альбомын жарыққа шығарады. Топтың аты «Алма-Ата Студио» болып өзгереді.

1989 жылы әйгілі «Джулия» әні дүниеге келеді. осы кезде топты ресей әншісі Алла Пугачева байқап, бірден  «Театр песни»-ге шақырады. Алла Пугачеваның «Рождественские встречи» байқауына қатысқан «А’Студио» тобы бүкіл елге танымал болады.

Батырханның орындауындағы «Белая река», «Стоп, ночь», «Солдат любви», «Эти тёплые летние дни», «Нелюбимая» және т.б. әндері халықтың жүрегінен бірден орын алды. Арада 11 жыл өткен соң, Батырхан Шүкенов топтан шығып, Отанына оралады. Ал, 2002 жылы әнші қазақ тіліндегі алғашқы «Отан Ана» атты альбомын шығарады.

2007 жылы Қзақастан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі.

2009 жылдың 20 қарашасынан бастап Батырхан Шүкенов Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болды.

2010 жылы әнші «Осторожно, милая девушка!», «Всё пройдёт...», 2013 жылы «Душа» атты альбомдарын жарыққа  шығарды.

Б.Шүкенов «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарларына қатысып тұрған. Оның әндері kaztrk.kz порталының мұрағатында бар.

Дискография

 «А’Студио» тобының құрамында

«Путь без остановок» — 1988, фирма «Мелодия»

«Джулия» — 1990, «Русский диск»

«A`СТУДИО» — 1993, «Jeff Records»

«Солдат любви» — 1994, студия «Союз»

«A`STUDIO LIVE» — 1995, студия «Союз»

«Нелюбимая» — 1996, студия «Союз»

«The Best» — 1997, студия «Союз»

«Грешная страсть» — 1998, «ОРТ-Рекордз»

Жеке шығармашылығы

«Отан Ана» («Родина-мать») — 2002

«Батыр Live» — 2007

«Осторожно, милая девушка!» — 2010

«Всё пройдёт...» — 2010

«Душа» — 2013.

Хабарламаларға жазылу