Бүгін Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан X Әлем чемпионаты басталды.
Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, әлемдік жарыс Қазақстандағы аталмыш спорттың дамуына жаңа қарқын беретінін айтты.
«Халықаралық жарыс еліміздегі өрт сөндіру-құтқару спортының дамуына серпін бермек. Сондай-ақ, шара салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастар арасында спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттырады», - деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Ахметжан Есімов өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі мамандарының кәсіби деңгейінің жоғары дәрежеде екендігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.