Головкин мен Рубио жекпе-жегі билеттерінің сатылымы StubHub Center аренасының рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Рубио жекпе-жегі билеттерінің сатылымы StubHub Center аренасының рекордын жаңартты

06.09.2014
Головкин мен Рубио жекпе-жегі билеттерінің сатылымы StubHub Center аренасының рекордын  жаңартты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы  Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы 18 қазан күні өтетін жекпе-жектің билеттері сатылым жылдамдығы бойынша рекорд орнатқанын мәлімдеді.

«Жекпе-жектің билеттері бокс аренасының тарихында сатылым жылдамдығы жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп отыр», - дейді Том Леффлер.

StubHub Center аренасының сыйымдылығы – 30 510 адам.

Айта кетейік, жекпе-жек 18 қазан күні Карсонда өтеді.

Хабарламаларға жазылу