Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио ESPN телеарнасында жолықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио ESPN телеарнасында жолықты

26.08.2014
Геннадий Головкин мен  Марко Антонио Рубио ESPN телеарнасында жолықты

WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио Лос-Анджелес қаласында ESPN телеарнасының бағдарламасына қатысты.

«Менің келесі жекпе-жегім Калифорния штатында өтетініне қуаныштымын. StubHub Center аренасында жекпе-жек өткізуді қалаймын және Марко Антонио Рубиомен мексикалық әдісте жұдырықтасамын», - дейді Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 18-ші қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center бокс аренасында өтеді.

Хабарламаларға жазылу