Тікелей эфир. Головкин - Рубио - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. Головкин - Рубио

13.10.2014
Тікелей эфир. Головкин - Рубио

«KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жекке байланысты қосымша ақпарат айтты.

«Трансляция 19-қазанда Астана уақыты бойынша таңғы 07:00-де «KAZsport» телеарнасында басталады. Сонымен қатар, Головкин мен Рубио жекпе-жегі алдында тағы 3 кездесу көрсетеміз. Осыдан кейін Головкин мен Рубио жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы қатар көрсетеді», - деді Диас Ахметшәріп.

Осылайша Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегі алдында келесі үш кездесу өтеді:

Жартылай жеңіл салмақтағы (57,153 келі) WBA Super тұжырымы бойынша Әлем чемпионы үшін жекпе-жек:

Нонито Донаир (Филиппин Республикасы, 33 жеңіс пен 2 жеңіліс) - Николас Уолтерс (Ямайка, 24 жеңіс);

Жартылай ауыр салмақтағы (79,378 келіге дейін) рейтингтік жекпе-жек:

Эдвин Родригес (Доминикан Республика, 24 жеңіс пен 1 жеңіліс) - Азеа Аугустама (Гаити, 17 жеңіс пен 1 жеңіліс);

Орта салмақтағы (72,574 келі) рейтингтік жекпе-жек:

Маркос Рейес (Мексика, 32 жеңіс пен 1 жеңіліс) - Абрахам Хан (АҚШ, 22 жеңіс пен 1 жеңіліс).

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегін 19-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Оны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу