Головкин мен Рубио біріктірілген жекпе-жек өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Рубио біріктірілген жекпе-жек өткізеді

21.08.2014
Головкин мен Рубио біріктірілген жекпе-жек өткізеді

WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубио біріктірілген жекпе-жек өткізеді, деп мәлімдеді Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман. Осылайша, Рубио жекпе-жекке өзінің WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеуін қоя алады.   

Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы 33 жастағы Мигель Коттоның міндетті қарсыласы атанады.

«Біз Головкин мен Рубио арасындағы жекпе-жек біріктірілген болу керек деп шештік. Ол екеуі де чемпион. Жеңімпаз Мигель Коттомен жұдырықтасады. Котто чемпионадық атағын өз еркімен жылдың соңында қорғай алады. Бұл керемет дивизиондағы мегафайт болатынына сенемін», - дейді Сулейман.

Коттоның осы жылдың желтоқсанында өз атағын қорғауға мүмкіндігі бар. Алайда, кейін міндетті түрде уақытша чемпионмен жұдырықтасуы тиіс. Егер Мигель өз белбеуін қорғамайтын болса, онда ол уақытша чемпионның қолына өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Рубио жекпе-жегі 18 қазан күні Карсонда (Лос-Анджелес, штат Калифорния) StubHub Center стадионында өтеді. Жекпе-жекті НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу