Головкин – Рубио жекпе-жегіне билеттердің жартысы сатылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Рубио жекпе-жегіне билеттердің жартысы сатылып кетті

08.09.2014
Головкин – Рубио жекпе-жегіне билеттердің жартысы сатылып кетті

18 қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (30-0, 27 КО) мен WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы Марко Антонио Рубио (59-6-1, 51 KO) арасындағы жекпе-жек болады.

Шетелдегі БАҚ-тың жазуы бойынша, бұл жекпе-жекті көптеген адам қызыға күтеді. Себебі билеттердің жартысы сатылып кетті.

Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Головкин-Рубио жекпе-жегіне сатылған билеттер саны StubHub Center аренасының бокс кездесулерінің рекордын орнатқанын айтқан болатын.

Головкин-Рубио жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымының толық чемпиондық атағын иемденіп, қазіргі таңда пуэрторикалық Мигель Коттодағы WBC тұжырымының чемпиондық атағына міндетті үміткер атанады.

Хабарламаларға жазылу