Головкин – Рубио. Қазақстандық Руслан Мадиев кәсіпқой деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Рубио. Қазақстандық Руслан Мадиев кәсіпқой деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

18.10.2014
Головкин – Рубио. Қазақстандық Руслан Мадиев кәсіпқой деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев АҚШ-та Головкин-Рубио бокс кешінде өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол жеңіл салмақ дәрежесінде Оскар Рохаспен жұдырықтасады.

Салмақ өлшеу рәсімінде Руслан– 61,69 келі, Оскар Рохас – 61,2 келі тартқан.  

Айта кетейік, 21 жастағы Руслан Мадиев «Astana Arlans» клубының сапында жұдырықтасқан.

Еске сала кетейік, Головкин мен Рубио 19-қарашада Калифорния штатының Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында жұдырықтасады. Бокс кешін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы (08.00) мен «KAZsport» телеарнасы (07.00) тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу