Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы 18 қазан күні өтетін жекпе-жектің билеттері сатылым жылдамдығы бойынша рекорд орнатқанын мәлімдеді.
«Жекпе-жектің билеттері бокс аренасының тарихында сатылым жылдамдығы жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп отыр», - дейді Том Леффлер.
StubHub Center аренасының сыйымдылығы – 30 510 адам.
Айта кетейік, жекпе-жек 18 қазан күні Карсонда өтеді.