5 қыркүйекте Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жетінші отырысы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеңес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен өтпек.
Үйлестіру кеңесінің отырысына ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы, Ресей Федерациясының өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қатысады.
Сонымен қатар, кеңес жұмысына Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, Армения Республикасы ТЖМ құтқару қызметінің бастығы, сондай-ақ, ҰҚШҰ хатшылығы мен төтенше жағдайлар саласында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері де қатыспақ.