Болат Мамыр теннистен Шымкентте өткен халықаралық ITF турнирінде жеңімпаз атанды.
Қазақстандық спортшы ақтық сында Өзбекстан теннисшісі Сайдало Саидкаримовті 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Жартылай финалда ол өзбекстандық Хумоуна Султановты, (6:4, 6:3) ширек финалда Шохрух Абдумаликовты (6:0, 3:0) ұтты.
Екінші айналымда қазақстандық тағы бір теннисші Әділ Қалиақпаровты екі сетте де тең есеппен (6:4) ұтса, алғашқы матчта ресейлік теннисші Акшин Мехтиевті (6:1, 6:0) жеңді.
Турнирдің жұптық кезеңі бойынша жеңіске қазақстандық Павел Петров пен Тимур Игемберлиев жетті. Олар финалда өзбекстандық жұп Сайдало Саидкаримов пен Амаль Султанбековтен басым түсті.
Ал, қыздар бәсекесінде Милана Лысова мен Жібек Құламбаева ақтық сында қазақстандық-ресейлік жұп Айнұр Сүлейменова мен Мария Солнышкинаны ұтты.