Теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен турнирде жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен турнирде жеңімпаз атанды

21.10.2014
Теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен ITF Junior сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Спортшы «Sri Lanka Colombo»  турнирінде жекелей разряд бойынша алдыңғы орынға шықты.

Финалдық кездесуде  отандасымыз Милана Лысовамен кездесіп,  6:0,4:6,6:0 есебімен жеңіске жетті.

Тағы бір қазақстандық  теннисші  Гозаль Айнитдинова Малайзиядағы «Junior G3» халықаралық турнирінің  финалына дейін жетті.  Ол  финалда француз спортшысы Тессе Андрианжафитримомен кездесіп,  екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жол берді.

Хабарламаларға жазылу