Халықаралық турнирде қазақстандық команда жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық турнирде қазақстандық команда жеңімпаз атанды

17.01.2023

Қазан қаласында Ислам елдері мен Татарстан Республикасы командалары арасындағы «Kazan Hockey Cup» әуесқойлар турнирі өтті.

Спорттық сайысқа барлығы 12 команда қатысты. Қазақстан намысын халықаралық турнирде «Өскемен» командасы қорғап, екінші орынды қанжығаға байлады. Отандық спортшылар Татарстан хоккейшілерінен жеңіліп, Түркіменстан мен Қырғызстанды жеңді.

Андрей Райский, бас бапкер:

Команда құрамына бұрынғы кәсіпқой хоккейшілер, сонымен қатар Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары кірді. Олардың барлығы жеңіске лайықты деп ойлаймын. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық турнирдің деңгейі жоғары болды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу