Футзалдан Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup-2014» турнирінде жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup-2014» турнирінде жеңімпаз атанды

04.12.2014
Футзалдан Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup-2014» турнирінде жеңімпаз атанды

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. «Tashkent Cup-2014» жарысында қазақстандықтар шешуші үшінші ойында Беларусь мемлекетінің футболшыларымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, Какау шәкірттері бұл ойында жеңісті голды соңғы минутта соқты. Голдың авторы – Шыңғыс Есенаманов.  Осылайша, жерлестеріміз турнир барысында 7 ұпайға ие болып, бас жүлдені қанжығаға басса, Әзірбайжан құрамасы үш ұпаймен екінші орын алды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу