Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

02.06.2021

Жансая Әбдімәлік шахматтан Гибралтарда өтіп жатқан Гран-при жарысында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Ол турнирде бірде-бір жеңілген жоқ.

Шешуші сында ресейлік Екатерина Лагномен кездесіп, тең ойнады. Осы сайыстағы жеңісінің арқасында Жансая ерлер арасында гроссмейстер атанды. Осылайша, 21 жастағы шахматшы әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алған Орталық Азияның алғашқы өкілі болды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу