Ербол Байырбеков: Байырбековтер ансамблін қайта жаңғырту жоспарда бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ербол Байырбеков: Байырбековтер ансамблін қайта жаңғырту жоспарда бар

02.09.2014
Ербол Байырбеков: Байырбековтер ансамблін қайта жаңғырту жоспарда бар

Өнерде де, өмірде де бірге жүрген Жазира мен Жанболатты халық жақсы таниды. Жазираның туған ағасы, композитор Ербол Байырбеков «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.

«Алғаш рет Төлеген Мұхамеджанов ағамыздың «Періште қыз» әнінен бастап, әнге деген құмарлық болды. Оны сахнада талай рет орындадым. Бастапқы кезде әнін де, сөзін де өзім жазатын едім. Кейін әннің сөзін кәсіби ақынға жаздырған дұрыс деп шештім. Ақмарал Леубаеваның біраз өлеңдеріне ән жаздым. Басқа да ақындармен шығармашылық байланыстамыз».

«Біздің үйде үнемі домбыра тұрады. Әкем – жазба ақыны болған, анамның да музыкалық білімі бар. Отбасымызбен өнерге жақын болып өстік. Кезінде отбасылық ансамбль құрғанбыз. Сол себепті, менің өнерге келуім кездейсоқ емес»,-дейді композитор.

Басқа да жаңалықтарымен бөліскен сазгер: «Қазір жаңа әндер жазып жатырмыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта Байырбековтер ансамблін қайта жаңғырту да жоспарда бар»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу