«Келбетте» - ақын Ғалым Жайлыбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - ақын Ғалым Жайлыбай

30.08.2014
«Келбетте» - ақын Ғалым Жайлыбай

Бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асырып жүрген көрнекті ақындардың, тұлғалардың қатарында аса дарынды ақын Ғалым Жайлыбай да бар.

Ақын Ғалым адам болмысындағы бекзат қадір-қасиеттеріне ғашық. Ол адалдық, адамдық, тазалық, кісілік, ізгілік сынды мінезді ардақтап, сол ізгі қасиеттерді қастерлеп, іңкәрлікпен, құштарлықпен жырлауға құмар.

Қазіргі қазақ поэзиясының көгіндегі жұлдыздардың бірегейі саналатын ақын бүгін 16.35-те «Келбетте».

Біздің анықтама:

Ғалым Жайлыбай - 1958 жылы 9 ақпанда Қа­ра­ғанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шо­пан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте бол­ған.

1993 жылы Қазақтың ме­неджмент, экономика жә­не болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойын­ша бітір­ген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министр­лігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған.

«Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақ радиосының бас редакторы болып қызмет еткен. 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

«Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жұлдызы» (1966), «Құс қанаты» (2001), «Қарашығымдағы қара өлең» (2006), «Ардакүрең» (2008), «Тобылғыжарған» (2011) атты жыр кітаптарының, «Тағдырымның тамыры» (2008) әдеби мақалалар жинағының авторы.

Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Қытай Халық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының «Сүмбіле» атты жыр жинағына өлеңдері енген.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы.

Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы алтын медалінің және «Құрмет» орденінің иегері (2009). 

Хабарламаларға жазылу