Ақын Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанда» қонақта

15.05.2018

Швецияда өткен Еуразиялық ашық әдеби байқауда, поэзия номинациясы бойынша ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы үшінші орын алды.

Байқауға әлемнің 36 мемлекетінен 1600 шығарма түскен. «Қара орамал» поэмасы аталмыш байқауға қатысқан елдердің тіліне аударылады.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші 2014 жылдың 29 мамырында Қарағандыда өткен.

Ақынның нәубет жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көрген болатын.

Ақын «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу