Жаңаарқа ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми-танымдық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаарқа ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми-танымдық форум өтеді

31.05.2015
Жаңаарқа ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми-танымдық форум өтеді

12-14 маусым аралығында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғылыми-танымдық форум ұйымдастырылмақ.

Форум аясында 12 маусымда «Тектіден туған тұлғалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков, ақын Ғалым Жайлыбай, саясаттану ғылымдарының докторы Сайын Барбосов, академик Бекен Кемелбеков және т.б зиялы қауым өкілдері қатыспақ.

Конференцияны түркітанушы, профессор Ерден Қажыбек жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу