Түркітілдес жазушылардың Халықаралық фестивалінде қазақстандықтар дипломант атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес жазушылардың Халықаралық фестивалінде қазақстандықтар дипломант атанды

28.04.2015
Түркітілдес жазушылардың Халықаралық фестивалінде қазақстандықтар дипломант атанды

Татарстан астанасы Қазан қаласында жас түркітілдес жазушылардың Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Түркия, Түркіменстан елдері, сондай-ақ, Поволжья, Приуралья, Солтүстік Кавказ және Қырым Республикаларынан өкілдер қатысты.

Атап айтсақ, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай, чуваш халық жазушысы Юрий Семендер, балқар ақыны, Кабардин-Балқар Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Абдуллах Бегиев, Түркия Республикасының Каппадокия Ақын және жазушылар одағының төрағасы Айша Пасланмас.

Қатысушыларға тәжірибелік сыныптар өткізіліп, Қазан қаласы мен Арс ауданына (Ғ.Тоқай шығармашылығына қатысты жерлерге) экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақстан атынан қатысқан Есей Жеңісұлы, Жанат Жаңқашұлы, Мирас Асан фестивальдің дипломанты атанды.

Айта кетейік, мұндай фестивальдер бауырлас түркі халықтарының арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртуға, дамытып, нығайтуға кең мүмкіндік береді.

Фото: islam-today.ru

Хабарламаларға жазылу