«Таңшолпан». Ғалым Жайлыбай: Жазған кітаптарынан қаражат тапқан қаламгер жоқ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ғалым Жайлыбай: Жазған кітаптарынан қаражат тапқан қаламгер жоқ (ВИДЕО)

08.11.2017

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын, жазушы Ғалым Жайлыбай студия қонағы болды.

«Мен ғұмырымды қазақтың қара өлеңіне, қасиетті поэзиясына арнаған адаммын. Оқырман қауымның тарапынан бағамды алдым деп ойлаймын. Қазір «Есіл ағады» атты 20-шы кітабым жарық көрді. Көрермен, оқырман қажетін алып, рухани байып жатса, кез келген ақын, композитор басқа да өнер адамдары үшін бақыт. 

Жалпы, байлық бүгінгі ұғымда жалғыз қаражатқа байланысты емес. Мен өзімді баймын деп айта аламын. Себебі, қасымда өнеріме іңкәр болып, жанына жақын тартатын азаматтар, жастар аз емес. Ал, материалдық тұрғыдан баймын деп ешбір қаламгер айта алмайды. Жазған кітаптарынан қаражат тапқан қаламгерді таба алмайсыз», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу