Кәкімбек Салықовтың туғанына - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәкімбек Салықовтың туғанына - 90 жыл

22.04.2022

Елордада мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Ақын құрметіне арнап оның өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Кітаптары мен естелік фотосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Еске алу кешіне елдің әр аймағынан және көрші елдерден келген белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдар қатысты. Шығармашылық пен лауазымды қызметті ұштастыра білген қайраткер Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға. Еңбек жолын тау-кен инженерінен бастаған ол КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, Қарақалпақ облыстық партиясының бірінші хатшысы болған. Алғашқы өлеңдері 60-жылдардың аяғында жарық көрді. Әсіресе, “Жезкиік” жыр жинағы көпке таныс. Кәкімбек Салықовты ұлықтау шаралары елдің әр өңірінде өтіп жатыр.

Ғалым Жайлыбай, ақын:
Қазақтың сөзін айтқан, ұлттың сөзін айтқан үлкен ақын болды. Қайда жүрсе де өз биігінен түскен жоқ. 01:00- Ол кісінің соңында 50-ге тарта жыр кітаптары қалды. 300-400-ге жуық әндерге сөз жазды.

Қонысбек Терекұлы

Хабарламаларға жазылу