«Атыңнан айналайын, қазақ қызы!» республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті оқу орнының 70 жылдық мерейтойына байланысты «Атыңнан айналайын, қазақ қызы!» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйра 2014 жылдың 13 қыркүйегінде өткізіледі.
Мақсат - қазақ қызы ынтымақ пен бірліктің, ырыс пен берекенің негізі екендігін насихаттай отырып, ұлт анасына, ұрпақ тәрбиешілеріне деген ілтипатты арттыру.
Мүшәйра шартына сәйкес, 18 жастан асқан ақындар қатыса алады. Қатысушының екі өлең ұсынуға құқығы бар. Оның бірі университеттің 70 жылдығына, екінші өлең қазақ қызының болмыс-бітімі мен бейнесіне арналып жазылуы тиіс.
Шығармалар 10 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті
16.10.2025, 17:35

«Арғықазақ мифологиясы» еңбегі түрік тіліне аударылды
16.10.2025, 17:33
Ұлы көшке 35 жыл
16.10.2025, 17:31
Шымкентте «Еңбек жолы» байқауының үздіктері анықталды
16.10.2025, 17:29
Атырауда Жайық жағасын тазалады
16.10.2025, 17:27
Шымкентте «Таза Шым» эко акция өтті
16.10.2025, 17:25
СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын
16.10.2025, 17:23
«Дәстүр дәмі»: Оралда бас аспаздар бақ сынады
16.10.2025, 17:21