Басты Жаңалықтар Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағасын таныстырды

Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағасын таныстырды

Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағасын таныстырды

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға  ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің басшылығын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасы - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Қосман Айтмұхамбетов.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасы лауазымын атқарған Владислав Галиев.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Бауыржан Смағұлов.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің заң департаменті директоры болған Дина Акрачкова.

«Комитет алдына - ТКШ жүйесінің мәселелерін шешу, құрылыс саласында жаңа стандарттарға көшу, жер ресурстарын тиімді пайдалану нақты міндеттері қойылды», - деді Ерболат Досаев.

Бөлісу