ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Өрлеу ақпараты» атты инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдар байқауын жариялайды.
Байқауға өтінімдер 2014 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Конкурсқа 2013 жылдың 1 қазаны мен 2014 жылдың 15 қыркүйегі аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар, телевизиялық хабарлар мен сюжеттер, радиобағдарламалар және өзге де материалдар қабылданады.
Байқауға қатысуға республикада тіркелген барлық БАҚ түрлері шақырылады.
Байқау 21 номинация бойынша өтеді.
Мерзімді басылымдар арасында:
«Республикалық басылымда қазақ тілінде жарияланған үздік материал»;
«Республикалық басылымда орыс тілінде жарияланған үздік материал»;
«Өңірлік басылымда қазақ тілінде жарияланған үздік материал»;
«Өңірлік басылымда орыс тілінде жарияланған үздік материал».
Телевизия бойынша:
«Қазақ тіліндегі үздік телевизиялық бағдарлама»;
«Орыс тіліндегі үздік телевизиялық бағдарлама»;
«Қазақ тіліндегі үздік талдамалық сюжет»;
«Орыс тіліндегі үздік талдамалық сюжет»;
«Қазақ тіліндегі үздік ақпараттық сюжет»;
«Орыс тіліндегі үздік ақпараттық сюжет».
Интернет-басылымдар арасында:
«Қазақ тіліндегі үздік интернет материал»/«Қазақ тіліндегі үздік блогер»;
«Орыс тіліндегі үздік интернет материал»/«Орыс тіліндегі үздік блогер»;
«Қазақ тіліндегі үздік ақпараттық-талдамалық материал»;
«Орыс тіліндегі үздік ақпараттық-талдамалық материал».
Радиолар арасында:
«Қазақ тіліндегі үздік радиобағдарлама»;
«Орыс тіліндегі үздік радиобағдарлама»;
Жалпы/арнайы номинациялар:
«Үздік сұхбат»;
«Үздік очерк»;
«Үздік фотоматериал»;
«Тақырыпқа адалдығы үшін» (Инновациялық тақырыптағы үздік шолушы).
Бұдан басқа 1 миллион теңге көлемінде «Инновациялық тақырыпты жариялау саласындағы үздік БАҚ» Гран-при жүлдесі тағайындалған.
natd.gov.kz