Басты Жаңалықтар Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі

Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі

Депутаттық корпус Президент айқындаған стратегиялық бағыттар бойынша білек сыбана іске кірісті. Алдымен Үкіметпен бірлесіп, заң жобалары бойынша жұмыстың нақты жоспарын түзеді. Салық саясатын жетілдіру мен жаңа Азаматтық кодексті қабылдауға заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетеді. Бұл жұмысқа қоғам белсенділері мен сарапшылар да тартылады. Қабылданған құжаттар Президент алға қойған міндеттерді шешуге, қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ Ұлттық қордың ресурстарын жинақтау мен пайдалану арасында теңгерімнің сақталуын депутаттар да қадағалайды. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Жолдауда логистика инфрақұрылымы, энергетика, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, банк секторы, жаңа Алатау қаласының бой көтеруі сияқты өзге де басым бағыттар айқындалғанын атап өтті. «Ендігі міндет – мәні мен маңызын қоғамға кеңінен жеткізу», – деді ол.

Бөлісу