Басты Жаңалықтар Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін

Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс». Ажырамас ұғымдар. Осы үштаған – табысты елге айналудың табанды тетігі. Мемлекет басшысы бұл қағиданы үнемі айтып жүр. Осы аптадағы Жолдауында да бұл тақырыпты айналып өтпеді. Ақ халаттылардың айлығын көтеру керек деді. Адам жанының арашашысына айналған мамандардың жалақысы мардымсыз екені рас. Президент тапсырмасына сәйкес, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік медицина мамандарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін өседі. Бұл 77 мыңнан астам маманның айлығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, елдегі жалақының ең төменгі мөлшері де көбейеді. Жаңа жылдан бастап оның көлемі 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін жеткізілмек. Осылайша, 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысы артады деп болжанып отыр.

Бөлісу