20 тонна түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды
Қазақ-Ресей шекарасында салмағы 20 тонна түсті металл өткізбек болған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысындағы «Жайсаң» көлікті өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Құймадан құйылып, цилиндр түрінде жасалған заңсыз жүктің салмағы - 20 тонна.
Оны тексергенде жүкті алып өтуге қажетті сертификат пен лицензиясы болмай шыққан. Ал, жүктің құны 40 000 000 теңге болады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қызыл аймақтағы» ЖЭО 4 есе азайды
09.09.2026, 17:07
Қазақстанның статистикалық жүйесі жоғары бағаланды
09.09.2026, 17:05
Қазақстанда кез келген жобаға инвестиция салуға мүмкіндік артады
09.09.2026, 17:03
Президент қаржы нарығының дамуы туралы есепті тыңдады
09.09.2026, 17:00
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12