Қытайда лаңкестік шабуылдан 37 адам қайтыс болды

03.08.2014
Қытайда лаңкестік шабуылдан 37 адам қайтыс болды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде лаңкестік шабуыл салдарынан 37 адам қайтыс болды, деп хабарлайды bbc.co.uк.

Тәртіп сақшыларына шабуыл жасағандар қатарынан 59 адам қаза болған. Қытай билігі 28-ші шілде күні болған оқиға туралы мәліметтерді енді ғана жариялауда.

Пышақ және балтамен қаруланған шамамен 215 адам полиция учаскілеріне шабуыл жасаған.

Хабарламаларға жазылу