Қытайда коронавирустан 1770 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан 1770 адам қайтыс болды

17.02.2020

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны бүгін қайта өсе бастады. Осыған дейін олардың қатары екі күн бойы азайған еді. Және де жаңа эпидемия салдарынан үстіміздегі тоқсанда-ақ Жапония мен Сингапур экономикалары рецессияға ұшырайды деген болжам бар. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Қытайда бұл вируспен байланысты пневмониядан 1770 адам қайтыс болды. Ал оны жұқтырғандар тағы 2050 адамға көбейіп 70500-ден асып отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу