Қарулы топтың шабуылынан 37 адам мерт болды

07.11.2019

Буркина-Фасо мемлекетінің шығысында белгісіз қарулы топ конвойға шабуыл жасап, 37 адамды мерт қылды. Тағы 60-тан астамы жараланып, көбі жоғалып кеткен. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көлікте Канаданың алтын өндіруші компаниясының жұмысшылары отырған. Жалпы, машиналарда қанша кісі болғаны әлі анықталған жоқ.

Былтыр осындай шабуылдан үш адам қаза тапқаннан кейін «Семафо» шахтасына жұмысшылар әскери конвоймен апарылатын болды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу