Буркина-Фасода шіркеуге жасалған шабуылдан 10 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буркина-Фасода шіркеуге жасалған шабуылдан 10 адам қайтыс болды

17.02.2020
Буркина-Фасода шіркеуге жасалған шабуылдан 10 адам қайтыс болды

Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Ягха қаласында белгісіз біреулер шіркеуге шабуыл жасады. Салдарынан 10 адам қайтыс болды. Кейін қылмыскерлер ізін жасырып, өздерімен бірге шіркеу қызметкерін алып кеткен. 

Осы оқиғадан кейін терроризмге қарсы күресті күшейту үшін елдің солтүстігінде енгізілген төтенше жағдай тағы бір жылға ұзартылды.

Қазіргі уақытта бұл мемлекеттің 7 аймағында төтенше жағдай жарияланған. 

Соңғы 4 жылда елдегі террористік ұйымдар жасаған шабуылдардан 700-ге жуық адам мерт болды, 270 мың тұрғын елден көшіп кеткен.

trthaber.com

Хабарламаларға жазылу