Сәбина Алтынбекованың қолтаңбасы қойылған доп ойнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбина Алтынбекованың қолтаңбасы қойылған доп ойнатылады

01.08.2014
Сәбина Алтынбекованың қолтаңбасы қойылған доп ойнатылады

ҚР Волейбол федерациясы «Спорт маусымының үздік суреті» атты конкурс жариялады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабарламада фотобайқауға волейбол жанкүйерлерінің жұмыстары қабылдайтыны айтылған.

Бірінші кезекте суреттің қызықты түсірілуі және жұмыстың сапасы бағаланады. Үздік суретті  дауыс беру арқылы таңдайды.  Егер тең жинаған дауыс жұмыстары болса жеңімпазды қазылар алқасы анықтайды.       

Байқауға қатысу үшін суреттерді мына электрон поштасы арқылы жіберу қажет: sk-sport.kz@mail.ru

Қатысу өтінімдерді қабылдау тамыздың 20-сына дейін жалғасады.

Байқаудың жеңімпаздары 2014 жылдың 25 тамыз күні анықталады.

Байқаудың жеңімпазы «Mikasa» алтын добын сыйға алады. Ал әлеуметтік желіде бірінші орынға ие болғандар Сәбина Алтынбекованың қолтанбасы жазылған добына ие болады.

Хабарламаларға жазылу