Сәбина Алтынбекова атағы жоқ әдемі спортшы қыздардың бестігіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбина Алтынбекова атағы жоқ әдемі спортшы қыздардың бестігіне енді

02.08.2014
Сәбина Алтынбекова атағы жоқ әдемі спортшы қыздардың бестігіне енді

«Аргументы и факты» басылымы атақтары жоқ әдемі спортшы қыздардың бестігін жариялады. Тізімде қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова да бар.

Волейболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 7 орын алды. Ал, команданың қосалқы ойыншыларының бірі, 17 жастағы Сәбина Алтынбекова турнирдің басты жұлдызына айналып, Азиядағы барлық БАҚ-ның назарына ие болды.

Сәбинаның  әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында  оқырмандар саны күн сайын арта түсуде, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Хабарламаларға жазылу