Жапониялық «Dentsu» компаниясы Сабина Алтынбекованың жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониялық «Dentsu» компаниясы Сабина Алтынбекованың жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды

29.10.2015
Жапониялық «Dentsu» компаниясы Сабина Алтынбекованың жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды

Жапониялық «Dentsu» компаниясы Сабина Алтынбекованың барлық жарнамалық келісімдеріне эксклюзивті құқығын сатып алды. Бұл туралы Dentsu Inc. холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жапониялық компания қазақстандық спортшының жарнамаға түсуіне әрі келісімге келуіне белсенді араласатын болады.

Сәбина мен жапониялық холдинг арасындағы келісім 2015 жылдың 1 қарашасынан өз күшіне енеді. Айта кетейік, аталған келісім Қазақстаннан тыс аймақтарда ғана жарамды.

Бұл компания күншығыс елінен өзге спорт жұлдыздарымен келісімшарт жасасқан емес. Осылайша Сабина Алтынбекова компанияның ең алғашқы шетелдік әріптесі.

Сабина Алтынбекова Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі. Ол 2014 жылы Тайванда өткен 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында қытайлық жанкүйерлер мен журналистер назарына іліккен. Сол сәттен бастап Оңтүстік Азия елдерінің, Корея, Қытай, Тайвань спортсүйер қауымы арасында танымалдығы артты. Қазірдің өзінде оның Instagram әлеуметтік желісінде 500 мыңнан астам жазылушылары бар.

Еске сала кетейік, Сабина жапониялық «GSS Sunbeams» волейбол клубында келесі жылдың тамыз айына дейін ойнайды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу