Ақмола облысында қуаты 20 мың тонналық «Ақтық» астық қабылдау қоймасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қуаты 20 мың тонналық «Ақтық» астық қабылдау қоймасы ашылды

01.08.2014
Ақмола облысында қуаты 20 мың тонналық «Ақтық» астық қабылдау қоймасы ашылды

 

 

Биылғы жылдың астық жинау науқаны қарсаңында Ақмола облысында қуаты 20 мың тонна (болашақта қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр) астықты құрайтын қазіргі заман талабына сай «Ақтық» астық қабылдау қоймасы ашылды. Бұл туралы  «ҚазАгроФинанс» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

«Ақтық» Агрофирмасы» АҚ астық қоймасын салу жобасының құны шамамен 713 миллион теңгені құрады, оның ішінде 529,5 миллион теңге - «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жылдық 6 пайыз бөлінген Ұлттық қордың қаражаты.

Бұл қаржы жабдықты сатып алуға, құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және теміржол бөгетін салуға бағытталды.

Элеватор астықтың ірі партияларын дайындау мен сақтау, сонымен қатар ұзақ  мерзімге тұтыну қасиетін жоғалтпай сұрыпталған жағдайға жеткізуге арналған.

Астық қабылдау пунктінің өндірістік қуаты «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ-ның жалпы астықты жинауына қарай есептелген (2012-2024 жылдар аралығындағы өндірістік бағдарламаға сәйкес жылдық жалпы жинау - 22,5 мың тонна астық). 

 

Хабарламаларға жазылу