Бүгін Ораза айт мерекесіне байланысты Астана мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ораза айт мерекесіне байланысты Астана мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды (ФОТО)

28.07.2014
Бүгін Ораза айт мерекесіне байланысты Астана мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды (ФОТО)

Ораза айт мерекесіне байланысты Елорда мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылды.

Ал, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалды. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылды.

Елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат 10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастарқан жайылды.

Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, ән-термелер жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Хабарламаларға жазылу