Ораза айт мерекесінің бағдарламасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ораза айт мерекесінің бағдарламасы

27.07.2014
Ораза айт мерекесінің бағдарламасы

Ораза айт мерекесіне орай Елорда мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, 28 шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылады, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің сайты.

Ал, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.

Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат  10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастарқан жайылады.

Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, ән-термелер жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу