Бүгін - Ораза айт мейрамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ораза айт мейрамы

28.07.2014
Бүгін - Ораза айт мейрамы

Отыз күн Ораза тұтып, ауыз бекіткен мұсылман қауымы ұлық мейрамның бірі -  Ораза айт мерекесін тойлауда.

Таң атқан бойда мешітке жиналып, дұға етіп, елдің, жердің амандығын сұрап жатты.

Бірлік пен ынтымаққа, бауырмалдылық пен кешірімге үгіттейтін тамаша күнде бірін-бірі қонақ қылып, үйіне шақырып, шат-шадыман күй кешуде.

Бұл күні Астана қаласындағы үш мешіттің ауласында киіз үйлер тігіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды, ұлттық ойындар дәріптелді.

Қала тұрғындары мен  қонақтарына қымыз бен қымыран, бауырсақ пен тәтті нан үлестірілді. Жиналған жастар өзара сынға түсіп, мықтыны анықтаса, үлкендер қауымы оларға жанкүйерлік танытты.

«Биыл қолға алынған игі бастама алдағы жылдары өз жалғасын табады. Мұндай шаралар дін  мен дәстүрдің қатар ұғым екенін дәріптеуге септігін тигізеді», дейді ұйымдастырушылар.

Қуат Ерғалиұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы:

Қасиетті Ораза айт  мерекесімен барша мұсылман қауымын құттықтаймыз. Бүгін - ерекше күн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп белгіленген. Қазақстандағы барлық мешіттердің жанынан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар дәріптеліп жатыр. Биылғы Ораза айт басқа жылдарға қарағанда ерекше өтуде.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

Хабарламаларға жазылу