Астанадағы мешіттердің алдына киіз үйлер құрылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мешіттердің алдына киіз үйлер құрылып жатыр

27.07.2014
Астанадағы мешіттердің алдына киіз үйлер құрылып жатыр

Қасиетті айдың қуанышын сүйіншілейтін Ораза айт күндері Елорда мешіттерінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. 28 шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылып, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.

Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында күндізгі сағат  10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылады, - деп хабарлайды Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз қызметі.

Айтулы мерекеде ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, терме-жырлар жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Соған орай, мешіт қызметкерлері барша елордалық жұртшылықты мерекелік айт намазына қатысып, мәдени шараларды тамашалауға шақырады. 

Хабарламаларға жазылу