Елімізде Ораза айт намазы барлық мешіттерде оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Ораза айт намазы барлық мешіттерде оқылды

03.05.2022

Елімізде де пандемиядан кейін Ораза айт намазы биыл жаппай мешіттерде оқылды. Сан мыңдаған адам бір-біріне игі тілектерін жеткізіп, елдің амандығын тілесті. Бұл күнде араздасқан жандар татуласып, тату жандардың ынтымағы арта түседі. 30 күн ораза ұстап, ауыз бекіткен жамағат таң сәріден мешіттерге жиналды. Айт намазын оқуға келген елордалықтардың да қатары көп болды. Осы күні мерекелік дастархан жайылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Хабарламаларға жазылу