Құрбан айт – ұлық мереке - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айт – ұлық мереке

12.08.2019

Бүгін – исі мұсылман үшін ұлық мейрамдардың бірі Құрбан айттың екінші күні. Тамыздың 11-і, яғни кеше таңғы 07:00-де еліміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылатын мейрам кезінде құрбан шалу сауапты іс саналады.

Шариғат бойынша қой, ешкі, сиыр және түйе құрбандыққа шалынады. Малдың аурушаң, әлсіз болмауы шарт. Малды құрбандыққа шалу үшін бас қалада жылдағыдай бірнеше арнайы орын ашылды. Құрбан айттың алғашқы күні-ақ бұл жерлерде адам саны аз болмады. Мұқтаж адамдарға ет таратып, сауапты іс жасауға ниеттенгендер бір-бірін құттықтап, ұлық мейрамды шадыман көңілмен қарсы алды. Дегенмен, көпшілікті биыл малдың алдыңғы жылдармен салыстырғанда қымбатырақ болғаны қынжылтты.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу